Архившілер ардақталған күн

фото: редакция қорынан
(0 Votes)

Міне үш жыл болды Қазақстан Үкіметінің арнайы қаулысымен 22 желтоқсан – Архившілер күні болып белгіленіп, кәсіби мереке ретінде атап өтіледі. Бұл күнді таңдап алу тектен тек емес-ті. Өйткені, дәл осы күні елімізде тұңғыш рет ұлттық архив қоры туралы заң заң қабылданған болатын.

Кәсіби мерекеде аудан әкімі Абат Жанғалиев архив саласының ардагерлері мен аудандық мемлекттік архив мекемесінің қызметкерлерін қабылдап, құрметін көрсетті.

– Қай заманда, қандай қоғамда болмасын, отаншылдықтың бастауында ұлттық мақтаныш сезімі тұратындығы, ал оның қайнар көзі – тарих пен мәдениет екендігі анық. Ал, мемлекеттік архив – ұлт мұрасының алтын ордасы, төл тарихымыздың алтын діңгегі екендігі баршамызға аян. «Тарихыңды білмей – болашағыңды құру мүмкін емес» деген дана халқымыз. Қазақстан Республикасының мемлекеттік архиві тарихи құжаттардың мәңгі сақталуы мен көпшілікке қолжетімді болуын қамтамасыз етеді. Сондықан архив қорына түскен әр құжатты көздің қарашығындай сақтап, келер ұрпаққа аманаттап қалдыру архив қызметкерлерінің қасиетті борышы десем артық айтқандық болмас. Сан ұрпақ ауысса да, архивтік құжаттар қалады. Өйткені, архив мемлекеттің ертеңі мен бүгінін жалғаушы құнды деректердің қоры, - дей келіп аудан басшысы архив мекемесін басқарған еңбек ардагері Бауыржан Ақпановты, бұл күнде мектеп мұғалімі Берік Қаменовті «Құрманғазы ауданының 95 жылдығы» мерекелік төсбелгісімен марапаттады.

Мемлекеттік архивтің аудандық филиалының меңшерушісі Гүлжеміс Қалиеваны Алғыс хатымен ұлығылады.

Сондай-ақ, бір топ архив саласының ардагерлеріне, мекеменің қазіргі қызметкерлеріне естелік сыйлықтар мен гүл шоқтарын табыстады. Қабылдау барысында ардагерлер мен архив меңгерушісі Г.Қалиева сөз алып, еңбектерін елеп, құрмет көрсетіп жатқан аудан әкімшілігіне ризашылықтарын білдірді.

Айбек МЕЙІРМАН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT