Архив қызметіндегі жүйелі жұмыс

(0 Votes)

Атырау облыстық мемлекеттік архивінің аудандық филиалында облыстық цифрландыру және архивтер басқармасының басшысымен бекітілген 2024 жылға арналған медиа-жоспарға сәйкес «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Басқосуға аудандық халыққа қызмет көрсету бөлімінің басшысы Гүлбақыт Мырзабекова, бөлім маманы Фаина Зұлқашева, аудандық әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы Гүлайна Садықова, бас маман Роберт Ғадилов және филиал қызметкерлері қатысты. Дөңгелек үстелді филиал басшысы Гүлжеміс Қалиева ашып, оның мақсатымен таныстырды. Жалпы аудандық филиал мемлекеттік қызмет көрсетудің бір түрі - архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер берумен айналысады. Бұл жұмыстар ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы №159 бұйрығы негізінде жүргізіледі.

Аудандық архив филиалына 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында 411 сұраныс түсіп, орындалды. Оның 334-і қанағаттандырылып, 77 сұранысқа түсінік берілді. Нақтылай кетсек, электрондық портал арқылы (E.gov) - 143, мемлекеттік корпорация» арқылы - 65, тікелей архив арқылы – 203 сұраныстарға жауап қайтарылды. Дөңгелек үстел аясында аталған тақырып бойынша қатысушы мекеме басшылары мен мамандары арасында пікір алмасылды. Жұмыс барысында жіберілген кемшіліктерді алдағы уақытта болдырмау, халықтың сұраныстарын қабылдау кезінде сапалы қалыптастыру қажеттілігі айтылды. Филиал басшысы Г.Қалиева дөңгелек үстелді қорытындылай келе жоғарыда аталған мекеме басшылары мен мамандарына ризашылығын білдіріп, болашақта халықтың сұраныстарын өтеуде сұраныстың оңтайлы қанағаттандырылу бағытында жұмыстың сапалы атқарылуына шақырды.

Динара ТАУМАНОВА,

аудандық филилалдың архивисі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT