Қариясын құрметтеген елге қасиет қонады

(0 Votes)

Бірік­­кен ұлттар ұйымымен бекітілген халық­аралық қарттар күнін атап өту елімізде дәстүрге айналды. Бұл күні аға­ ұрпақтың қоғам өмір­­і­не қосқан үлесіне шынайы ризашылық біл­діріліп, риясыз қ­ұрмет көрсетіледі.

Өйткені  жас ұрпақ пен орта буын өкілдердің қазыналы қарттардан алар тағылымы мол. Осы ретте, құрманғазылықтар үлкенге ізет көрсетуде жылдағы дәстүрінен жаңылған емес. Бұл сөзімізді С.Көшекбаев атындағы мәдениет үйінде өткен «Дархан көңіл дариялар» атты салтанатты шара дәлелдей түскендей.

Иә, аға буынның елі үшін қылған еселі еңбегі ешқашан жадымыздан өшпеуі тиіс. Қарт кісіні құт-береке деп танысақ, ол - ұрпақтың көрегендігі емес пе?! Көргені көп адамдардың ақылын тыңдап, сөзін санаға түйіп жүргеннен ешкім жаман болмаған. Мұны өзінің құттықтау сөзінде аудан әкімі Марат Мурзиев те әдемі кестелеп өтті. – Данышпан Абай атамыз өзінің бір қара сөзінде «Бұл жасқа келгенше жақсы өткіздік пе, жаман өткіздік пе, әйтеуір бірталай өмірімізді өткіздік: алыстық, жұлыстық, айтыстық, тартыстық - әурешілікті көре-көре келдік» деген екен.  Бұл кең мағыналы сөздің осы шараға қатысып отырған ардагерлерімізге қатысы бар деген ойдамын. Сіздер бізге және өсіп келе жатқан өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге боларлық ақылман, данагөй тұлға, саялы бәйтерексіздер. Жылдар бойы жинақтаған білімдеріңіз бен өмірлік тәжірибелеріңіздің маңызы зор.              

Сіздердей ұлағат дарыған үлкендерден тәлім-тәрбие алған кейінгілер игілікті істерді лайықты жалғастыра білді. Сіздер салған сара жолмен ауданымыздың өркендеп, гүлденуіне өз үлестерін қосып келеді, - деп тілегін сабақтаған Марат Бисенғалиұлы бір топ ардагерлерге облыс және аудан әкімдерінің Алғыс хаттарымен, даңқты ұшқыш Хиуаз Доспанованың 100 жылдығына орай шығарылған мерейтойлық медальмен марапаттады. Сондай-ақ, тарихшы ғалым Амангелді Шамғонов, ішкі істер органдарының ардагері Дүйсенбек Гайсин, ұлағатты ұстаздар Нұрлығайын Нұғыманов, Злиха Дүйсекенова, жақында ғана зейнет жасына толған «Amanat» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Өміболат Есенғазиев және Мақаш өндірістік кооперативінің төрағасы Жеңіс Әбілхайыровке аудандық мәслихаттың шешімімен ауданның Құрметті азаматы атағы берілгенін жариялап, өңірлеріне арнайы төсбелгі қадап, иықтарына лентасын жапты.

a

ariyalar

Келесі кезекте аудандық мәслихаттың хатшысы Болат Жүгінісов жиналған әз басты ағалар мен ақ жаулықты аналарға атаулы күнмен құттықтаған жүрекжарды лебізін жолдап, кезінде еселі еңбегімен еленген, қазіргі шақта ұрпақ тәрбиесіна атсалысып жүрген бірқатарына облыстық  және аудандық мәслихаттың Алғыс хаттарын табыстады. Қарияларды құрмет пен ілтипатқа бөлеген ізгілікті шара үлкен мерекелік концертке ұласты.

ariyalar3

 

Айбек НӘЖІМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521