Қарияларымыз да шет қалмауда

(0 Votes)

Құрманғазы ауылдық округі бойынша №171 сайлау учаскесі «Мерей» балабақшасында орналасқан.

«Түстен кейін де жақсы келіп жатыр.  Жастары сексеннен асқан Балжібек Хасанова, Бағила Мусағалиева, Зейнетолла Ақбанов сияқты ардагерлерге үлкен кісілер болған соң жәшік апарармыз деп ойлағанбыз. Олар белсенділік танытып,  келіп дауыс беріп кетті. Қоғамдық өмірден шет қалмайтын, аяқтай келіп таңдау жасап жатырған осындай үлкендерімізге бек ризамыз.

Сол сияқты 1955 жылы туған ІІ топ мүгедегі Махмут Рахметовте өзі келіп, жәшікке сайлау бюллетенін салды" дейді сайлау комиссиясының төрайымы Рита Өтепқалиева.

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT