Қариялардың тілегі – ел амандығы

(0 Votes)

Әрбір отбасында дана қариясы, ақылшы әжесі атанып отырған қазыналы қарттардың қоғамдағы алар орны ерекше.

Аудан әкімі Қайрат Нұртаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Орынғали Құмарғалиев және басқа да лауазым өкілдері мерекеге орай әр түрлі салада абыройлы еңбек еткен қариялардың шаңырағына бас сұқты.

ariya-kn2

Алдымен ардагер ұстаз Зайыр Хидулиннің үйіне барды. КСРО кәсіптік білім беру ісінің үздігі, қоғам белсендісі ретінде аудан тұрғындарына танымал ақсақал соңғы кезде сырқаттанып қалыпты. Бұл кісінің өмірбаяны деректі ақпарат емес, адам мен еңбек туралы әдеби шығарма сияқты. «Денсаулық пен уақыттың бар кезінде есі дұрыс адам елі, Отаны үшін еңбек ету керек» - деді қария бізбен әңгімесінде. Өзі 1963 жылдан бастап кәсіптік-техникалық училищеге жұмысқа келгенін, содан бері күні бүгінге дейін ешқашан тыным көрмегенін жеткізді. Саналы ғұмырын есеп саласына арнаған Ғаллам Құрманғалиев шаңырағына келген қонақтарды жылы шыраймен қарсылады. Өзінің мағыналы өмірі, еңбек жолы туралы әңгіме өрбітті. Кіресті ауылының тұрғыны Рая Ерғалиқызының үйіндегі емен-жарқын жүздесу де елдің амандығы, мемлекеттің тыныштығы жайлы әңгіме айтылды. Отансүйгіштіктің жарқын үлгісі болған ардагерлерге халық игілігі үшін атқарған еселі еңбектері, жастарды патриоттық-адамгершілікке тәрбиелеу жұмыстарына белсенді қатысып жүргені үшін өз ризашылығын білдірген аудан әкімі Қайрат Талапұлы Құттықтау хаты мен сый-сияпатын тапсырды.

ariya-kn-2020-1

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521