Қариялардың белсенділігі жоғары

(0 Votes)

Ақкөл округіндегі 181, 182 сайлау учаскесінде қариялардың белсенділігі жоғары. Әдетте ерте тұратын қариялар бұл жолы да сайлау учаскелеріне алғашқы болып келген.

Солардың бірі - "Пәтер иелері" кооперативінде ұзақ жылдар есепші боп еңбек етіп, бүгінде зейнетке шыққан Фауза Қонаева. - Мен ауылымыздың болашағын айқындауға үлесімді қосып, өз таңдауымды жасадым. Мекеніміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы, халықтың тұрмыс-тіршілігі жыл сайын жаңа белеске көтерілуде. Сайлаудан тыс қалған емеспін, себебі бүгінгі күн - келешегіміз үшін маңызды күн, оған бей-жай қарамаған жөн. Жаңа сайланатын әкіміміз жастарды жақсы іске жұмылдыратын, қарияларды қадірлейтін азамат болғанын тілейміз,-деді 72 жасқа толған ақ жаулықты ана.

Еркеназ Қалижан

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521