Қариялар қуанып қалды

(0 Votes)

Аудан әкімі Қайрат Нұртаев, аудандық мәслихаттың хатшысы Болат Жүгінісов, аудан әкімінің орынбасарлары Жандос Бектеміров, Өркен Тәжібаев, аудан әкімі аппаратының басшысы Нұрлыбек Қалиев, Құрманғазы ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Мерей Әжігереев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Орынғали Құмарғалиев Құрманғазы ауылдық округіндегі бір топ ардагерлердің үйіне арнайы барып, Жаңа жылмен құттықтады.

99 жастағы Шәміл Өміржанова әжей құттықтай келген аудан әкімі Қайрат Талапұлына ризашылығын білдіріп: – Соғысқа бармағаныммен тылда жұмыс жасадым. Талай қиындықтарды бастан өткердік. Сол еңбегімді елеп еліміз медальдар да берді. Жаңа жылмен арнайы келіп құттықтап жатырғандарыңыз үшін үлкен рахмет! Алла бұйырса биылғы қыркүйекте 100 жасқа толамын. Ардагерлер кеңесінің төрағасы да арасында келіп тұрады. Жаңадан әкім болып жатыр екенсің айналайын, жұмысыңның жемісін көр. Ауданда біраз шаруа тындырып жатқаныңды естіп отырмыз. Шүкірмін, балаларым жақсы. Тоғыз құрсақ көтергенмін содан осы Төлеген деген балам жалғыз қалды. Сосын екі қызым бар. Қалғандары өмірден өтті. Үлкен қызым Атырауда тұрады, 9 қаңтарда 80 жасқа толады. Оған шақырған еді, балалар болмаса мен бара алмаймын. Көзім көрмейді, немерелерім жетектеп жүреді. Жақында төрт нементайыммен бірге телеарнаға түсірді. Бүгін осылай келгендеріңе бір жасап, қатты қуанып қалдым. Адам үлкейгенде бала сияқты болады ғой. Мені елеп кіріп шыққандарыңның өзіне төбем көкке жеткендей сезініп отырмын, - деп, басталған жыл жақсылықтарға толы болсын деген тілегін жеткізіп, ақ батасын берді.

img_8845

Елге сыйлы еңбек ардагерлерінің Зайт Хабибуллин ағамыз да құттықтай келген қонақтарын жадырай қарсылады. Аудан басшысымен әңгімесінде ел ағаларын еске алып, өзін ұмытпағаны үшін алғысын жеткізді. Сонымен қатар аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы О.Құмарғалиевке өмірден өткен Саламат Ұзақовтың зайыбына қолынан келгенше қамқорлық жасауын тапсырды.

img_8853

img_8857

92 жастағы Cәрсенғалиева Маканзия әже әлі тың екен. Құттықтай келген азаматтармен емін-еркін әңгіме дүкен құрып, еліміз тыныш, еңбектерің жемісті болсын, соғыс заманында тылда біз көрген қиындықты кейінгі ұрпаққа бермесін, менің жасыма жетіңдер деген тілегін арнады.

img_8859

Медицина саласының ардагері Ерсайын Досмұхамбетов ағамыз сырқаттаныңқырап қалыпты. Аудандық мәслихаттың депутаты Болат Теміржанұлы Ерсайын Хатаұлының ауданға сіңірген еңбегі ұшан-теңіз екенін айтып, аудан әкімі Қайрат Талапұлы «Қазақстан Республикасының мәслихаттарына 25 жыл» медалін өңіріне тақты. Шәкірті Байтолла Ғазизовтың облыстық денсаулық сақтау басқармасына басшы болып жатқанынан хабардар етіп, қарияны қуантып тастады. Ардагер ағамыз өз кезегінде Жаңа жылмен құттықтай келген аудан әкімі Қайрат Талапұлы бастаған азаматтарға ризашылығын жеткізді.

img_8869

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521