Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында Нұржау ауылдық округінің тұрғыны, ауыл шаруашылығы саласының ардагері, ауданымызға есімі танымал азамат Тұмақ Қабдолов денсаулығына байланысты үйден дауыс берді.
Қария өзіне осындай мүмкіндік жасап жатырған №178 сайлау учаскесінің төрайымы Гинура Құрақоваға ризашылығын білдірді. Отанымыз өркендеп, халықтың тұрмыстық жағдайы жақсарып, экономикалық әлеуеті арта берсін деген ізгі тілегін жеткізді. Жалпы 1238 сайлаушысы бар бұл учаске бойынша қазіргі уақытқа дейін 315 адам өз таңдауын жасап үлгерді.
Қанат ҒҰМАРОВ