Ардагерлерге құрмет көрсетті

(0 Votes)

"Жеті қазына" тойханасында Калинин жұмысшылар кооперативінің құрылғанына – 55, Еңбекші жұмысшылар кооперативінің құрылғанына – 40 жыл толуына орай мерейтойлық шара ұйымдастырылды. Оған сауда саласында жұмыс жасаған ардагерлер қатысты. Шараны ауданымызға танымал өнерпаз Қайрат Сайфуллин жүргізді.

Аудан әкімінің орынбасары Амангелді Мұратов қатысушыларды құттықтап, елімізде еңбек адамдарын қадір тұтатынын, бүгінгідей әлеуметтік желі жоқ кезде тұтынушылар кооперативтерінде еңбек ету оңай болмағанын, үлкен жауапкершілікті жүктегенін жеткізіп, Калинин, Еңбекші жұмысшылар кооперативінде еңбек еткен ардагерлер Алтын Темірболатова, Алма Набиева, Рысбек Нұрғалиев, Шапхат Аймағанбетов, Айсұлу Жылқыбаева, Гүлжиды Есмұханова, Бисенбай Достыбаевты аудан әкімінің Алғыс хатымен марапаттады.

Аудандық мәслихаттың төрағасы Гүлжанат Қалиева бала кезінен сауда саласы қызметкерлерінің халықты қажетті тауарлармен қамтудағы ерен еңбегін көріп өскенін, ардагерлер қандай құрметке де лайық екеніне тоқталып, Атырау облыстық мәслихатының Алғыс хатымен Рысты Хайрлиева, Гүлнар Нұрғалиева, Маржан Ниғыметова, Жібек Сариева, Бөпежан Досқараеваны, аудандық мәслихаттың Алғыс хатымен Нүрзия Дастанова, Әлімқұл Жұматаев, Жұмағаным Сарғойшина, Жолтұрған Абдолов, Маруся Хасанова, Зубайда Мұханбетқалиева, Тамара Нұрмұханова, Шолпан Төлегенованы ұлықтады.

Шығып сөйлеген ардагерлер кезінде сауда саласында тер төгіп, уақытпен санаспай еңбек етіп, ел дамуына өз үлестерін қосқанымен, Одақ тарағаннан бері еленбей қалып жатқандарын айтып, осындай шараны ұйымдастырған әріптестері Абат Қазиханұлы, Жібек Қисметқызы, Дина Тұрсынқызына, оларға қолдау білдіріп қатысып жатқан аудан әкімінің орынбасары Амангелді Хайдарұлы мен аудандық мәслихаттың төрағасы Гүлжаннат Ғаділханқызына ризашылықтарын білдірді.

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT