Акцияның мақсаты – ардагерлерді, жалғызбасты қарияларды, үлкен кісілерге әрдайым қол ұшын созу, олардан өнегелі тәлім тәрбие алу және сала ардагерлерін кеңінен насихаттау.
Сондай жандардың бірі Құрманғазы ауылының тұрғыны Тілешова Сәуле әжей. “Қайырымдылық жасағысы келетіндердің саны жыл санап артып келеді. Үлкенге құрмет көрсетіп, жәрдем бергендеріңнің өзі еліміздің татулығын, ауызбірлігін көрсетіп отыр. Ардагерлер қашанда көмекке мұқтаж, сендердің бұл жақсы бастамаларыңды іштей таразылап қуанып отырмын.
Иігі істер тұрақты жалғасын таба береді деп ойлаймын” деген Сәуле әжей бізге ерекше ықыласпен батасые берді. Үлкендердің ризашылығы біз үшін үлкен мәртебе.
Біз үшін үлкенге құрмет көрсету «Рухани жаңғырумен» үндес. Осы бастама әрі қарай да жалғасын табатын болады.