Ардагерлерді ардақтайық!

(0 Votes)

Біріккен Ұлттар Ұйымы қаулысымен 1 қазан– Халықаралық қарттар күні болып тарихқа енгеніне 34 жыл толды.

Халқымыз «Қарты бар елдің - қазынасы бар» деп текке айтпаған. Олар - ақыл-ой парасаттың қайнар көзі, ұлттық құндылықтардың негізін жалғастырушы, өмірде жинаған бай тәжірибелерін кейінгі ұрпаққа қалыптастырушы. Құрманғазы аудандық ардагерлер кеңесінің 40 бастауыш ұйымында 6090 зейнеткер қамтылған. Олардан 1 адам ҰОС ардагерлеріне теңестірілген. 200 тыл еңбеккерлерінен өзін-өзі қамтуға жағдайы алмайтын 100 зейнеткерге әлеуметтік қызметкер тағайындалған. Ардагерлерге көмек көрсету, қамқорлықтар жасау, мерей жастарында құттықтау, марапаттауларды билік орындары мен ардагерлер ұйымы қапы қалдырмайды. Осы жылы ардагерлер ұйымы меценаттардың айрықша назарында болды. Олар пандемия кезінде әр данасы 253 мың теңгені құрайтын үш оттегі мен тыныс алу аппаратын сыйға берді.

Мемлекеттік, атаулы, кәсіптік мерекелерде де ардагерлер ескерусіз қалмайды, аз қамтылған отбасыларына азық-түлік себеті беріліп келеді. Ардагерлер - насихатшы, олар - үлкенкүш. ӘркезЕлбасыН.Назарбаевтың «Болашаққабағдар:руханижаңғыру», «Ұлыдаланыңжетіқыры» бағдарламалықмақалаларыжәне ел ПрезидентіҚ.Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар - ел өркендеуінің берік негізі» Жолдауы зиялылар қауымына үлкен міндет жүктейді. «Біз тентегін тыйып, тектісін төрге оздырған халықпыз» деп, баршамызға зор сенім артты. Осы Жолдауды ауыл тұрғындары арасында кеңінен насихаттауға, жастарға ұлттық құндылықтарымызды құрметтеуге және ұлтжанды, отанын сүйетін, ұрпақ тәрбиелеуге ардагерлер белсене араласады. Құрметті ардагерлер, биыл 1-Қазан мерекесін әлемгеортақ індетке байланысты шектеу шараларын сақтап, әр ауылдық округте атап өту жоспарланды. Баршаңызды төл мерекелеріңізбен құттықтап, сіздерге зор денсаулық, ұрпақ қуанышын, қазыналы қарт болып, ұзақ өмір сүруді тілеймін.

 

Орынғали ҚҰМАРҒАЛИЕВ,

Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521