Ардагерлер түйткілді жайларды ортаға салды

(0 Votes)

Облыс әкімі Махамбет Жолдасқалиұлы кеше түс мезгілінде ауданның 19 округіндегі ардагерлер кеңесінің төрағалары мен бір топ ардагерлерді қабылдады.

Алғашқы тілегін айтқан аудан әкімі Қайрат Нұртаев аймақ басшысы өздерімен кездесуді жөн көргенін айтып, өңірде атқарылып жатқан ауқымды істерді саралап, үлкендерге дастархан мәзірінен дәм алып, ойларындағы пікірлерін ашық жеткізуді өтінді. Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қатимолла Ризуанов қоғамдық қабылдауда тұрғындар көбіне елдік мәселелерді көтеріп жатқанын тілге тиек етіп, күй өңірінің ауызбіршілігі, ұйымшылдығы арта берсін деген жылы лебізін білдірді. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Орынғали Құмарғалиев аудан әкімінің ардагерлер ұйымына көрсетіп отырған еңбегін жоғары бағалайтынын жеткізіп, жүзеге асып жатқан жұмыстардың нәтижелі болуын тіледі.

img_8526

Облыс әкімі Махамбет Жолдасқалиұлы ақсақалдардың жас ұрпақ тәрбиесіндегі, жалпы ел өміріндегі орындарын жоғары бағалады. Бұдан кейін нұржаулық қария Мәдениет Харистегі, Құрманғазы, Орлы, Көптоғай ауылдық ардагерлер кеңестерінің төрағалары Қадірбай Жармұхамбетов, Амангелді Хилауов, Қайырбай Өтепов, еңбек ардагерлері Сәркен Нұрғожина, Зинетолла Ақпанов сөз сөйлеп, өскелең ұрпақты отаншылдыққа, еңбекке баулу, кәсіби бағыт-бағдар беру, Көптоғай, Кудряшов ауылдық амбулаторияларын жаңарту, 1970 жылы салынған Орлы ауылдық «Балдырған» балабақшасын кеңейту, Көптоғайдағы тозығы жеткен өткелді, электр желілерін ауыстыру сынды бірқатар түйткілді мәселелерді қозғады.

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521