Ардагерлер - мақтанышымыз

(0 Votes)

Аудандық білім бөлімінің басшысы Г.Құбаева, аудандық әдістемелік кабинет меңгерушісі Т.Бахтыгереева, аудандық ата-аналар комитетінің төрайымы Ұ.Сапарова, білім бөлімі кәсіподақ ұйымының төрайымы А.Арыстанова мұғалімдер күніне орай бір топ ардагер ұстаздарға құрметтерін көрсетті.

Олардың арасында 1982-2017 жылдар аралығында «Айсамал» балабақшасы меңгерушісі болған Әлия Хасанова, Қ.Мырза-Әлі атындағы жалпы орта мектебінде бастауыш сыныптың мұғалімі болған Нәсіпті Қаюпбаева, Сүйіндік жалпы орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімінен директордың оқу ісінің жөніндегі орынбасары қызметіне дейін көтерілген Римма Сариева, «ҚР білім беру ісінің үздігі» төсбелгісінің иегерлері, З.Серікқалиұлы атындағы мектеп- интернатының бастауыш сынып мұғалімі болған Ақерке Алмағамбетова, Абай атындағы жалпы орта мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болған Күмісханым Мандыкаевалар болды.

b8628e5d-a345-4b67-877e-a02eb3bbfd17

А.АРЫСТАНОВА,

аудандық білім бөлімінің әдіскері

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521