Ардагерлер конференциясында

(0 Votes)

Аудандық ардагерлер кеңесінің кезекті есеп беру-сайлау конференциясы болып өтті. Аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында ұйымдастырылған жиынға ауылдық округтердегі ардагерлер ұйымдары онлайн қатысты.

Мандат комиссиясының төрайымы Роза Серікбаева қатыс жөнінде хабарлама жасап, жиынның регламенті бекітілді. Конференцияның негізгі бөлігінде аудандық кеңестің 2016-2021 жылдар аралығында атқарған жұмыстары жайлы кеңестің төрағасы Орынғали Құмарғалиев баяндама жасады. Келесі кезекте кеңес жанындағы тексеру комиссиясының төрағасы Ержан Ғайнетовтың қаржылық есебі тыңдалды.

Жарыссөзде Атырау облысы және Құрманғазы ауданының Құрметті азаматы Өмірзақ Қажымғалиев, білім саласы ардагерлері ұйымының төрағасы Нұрлығайын Нұғыманов, Қазақстан Қарулы күштерінің ардагері Ғарифолла Оралбек өздерін толғандырып жүрген ойларымен бөлісіп, ардагерлер кеңесінің есепті кезеңдегі жұмысына қанағаттанарлық деген бағасын берді.

ardagerler1

Конференция жұмысына қатысқан аудан әкімінің орынбасары Нұрлыбек Қалиев күн тәртібіне қойылған аудандық ардагерлер кеңесінің жаңа төрағасын сайлау мәселесіне орай аудан әкімінің және облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының келісімімен қайтадан ұсынылған О.Құмарғалиевтің кандидатурасын дауысқа салды. Бұл ұсыныс залда отырғандар және онлайн қатысқандар тарапынан бірауыздан қолдау тапты. Сондай-ақ, сөзінің соңында Н.Қалиев ардагер ұстаздар Н.Нұғымановқа, А.Карсаковқа аудан әкімінің Алғыс хатын табыстады.

ardagerler

А.НӘЖІМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521