Ардагердің тағы бір марапаты

(0 Votes)

«КСРО Денсаулық сақтау үздігі», «ҚР Денсаулық сақтау саласының үздігі» атақтарының иегері, ардагер дәрігер Зинетолла Ақбановтың «Ерен еңбегі үшін», «ҚР Тәуелсіздігінің 10 жылдығы», «Еңбек ардагері» сынды медальдарының қатары тағы бір құрметті марапатпен толықты.

Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Орынғали Құмарғалиұлы «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің «Құрмет Белгісі» төсбелгісін табыстады. Бұл марапаттың Зинетолла Сұлтанғалиұлына мерейлі 80 жасқа толуына орай беріліп отырғанын атап өтті. Шарада аудандық алқа билер кеңесінің төрағасы, академик-жазушы Өмірзақ Қажымғалиұлы, Құрманғазы ауылдық округі ардагерлер ұйымының төрағасы Қадырбай Жармұханбетовтер сөз алып, құттықтап, тілектерін білдірді.

marapattaldy-medal

 

А.НӘЖІМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521