Ардақты әжелер, абзал аналар, аяулы қарындастар!

(0 Votes)

Сіздерді көктемнің шуақты да, шырайлы жарқын мерекесі 8-наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Өмірдегі бар ізгілік пен жақсылық, мейірім мен махаббат даналық пен қайырымдылық, қажыр мен қайрат Сіздерден тараған. Қоғамның қандай кезеңінде өмір сүрсекте әйел-ананың алатын орны ерекше.

Тәуелсіз Республикамыздың қол жеткен биіктері мен алған асуларында Сіздердің үлесіңіз мол деп есептеймін.

Заманның барлық деңгейінде, соның ішінде нарықтық қоғамда алуан қиыншылықтарды бастан өткеріп, ауданымыздың барлық саласында қызмет атқара отырып, аудан экономикасының өсіп-өркендеуіне зор үлестеріңізді қосып келесіздер.

Болашақта да Егемен еліміздің экономикасының қарыштап дамуына, татулық пен бірліктің сақталуына Сіздердің қосар үлестеріңіз мол болатына сенемін.

Еліміздің амандығын тілеп, жанұяның алтын діңгегі болып отырған Сіздерді тағы да мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтай отырып, отбасы шаттығын, мол бақыт, мықты денсаулық тілеймін.

Аудан әкімі Қ.Нұртаев

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521