Ардақты аналар, қадірлі арулар!

(1 Vote)

Сіздерді көктемнің арайлы мерекесі- 8 наурыз- Халықаралық әйелдер күнімен аудандық мәслихат атынан құттықтаймын!

Табиғат - тіршіліктің бастауы болса, Ана- ұрпағына ақ сүтімен нәр беретін адам өмірінің бастауы. Бүгінгі таңда нәзік жанды арулар әйел- ана ғана емес, әйел- еңбеккер, әйел- қайраткер ретінде қоғамның алға дамуына үлес қосып, мәртебелері биіктеп келеді. Ауданымыздың өрлеп- өркендеуіне үлес қосып, еңбекте, саясатта, өнерде, ғылымда, спортта жоғарғы жетістіктерге жеткен нәзік жанды апаларымыз бен қыз- келіншектерді мақтан етеміз және құрметтейміз.

Шуақты мерекеде Сіздерге атқан таңның арайын, жарқын күннің жақсылығын, ұрпағыңыздың қуанышын, өмірдің бағы мен берекесін тілеймін! Көңілдеріңіз көктемдей құлпырып, жанұяларыңыздың жылуы мен шуағы болып, алдағы армандарыңызға жетулеріңізге тілектеспін.

 Құрметпен, Б.Жүгінісов

Аудандық мәслихат хатшысы 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521