Қараусыз бала қылмысқа үйір

(1 Vote)

Кәмелетке толмағандарға қарсы жасалатын қылмыс пен құқық бұзушылықты анықтау, алдын алу және құқықтық сауаттылықты арттыру бағытындағы жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Оған Құрманғазы АПБ бастығының міндетін атқарушы, полиция подполковнигі Н.Құбашевтың №120 санды бұйрығына сәйкес аудандық ПБ-нің барлық бөліністері мен қызметтерінің жеке құрамы толықтай жұмылдырылды. Іс-шара барысында 13 әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталып, тиісті шаралар алынды.

Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің ертіп жүруінсіз түнгі ойын-сауық мекемелерінде, үй-жайлардан тыс жерде болмауы тексерілді. Жасөспірімдердің көп шоғырланатын орындары да қадағаланды. Нәтижесінде ішкі істер бөлімінің кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөлімшесіне ҚР ІІМ-нің №1098 бұйрығына сай әртүрлі құқық бұзушылықтар жасағаны үшін басқа да себептермен 1 ата-ана қолайсыз отбасы профилактикалық және 1 жасөспірім тізімдік есебіне алынды. Олардың тұрғылықты жерлері назарға алынып, заң аясында қосымша түсінік жұмыстары жүргізілді.

 

Ж.Бектемиров,

Құрманғазы АПБ ЖПҚб-нің

ЮПТ-ның КТІ аға УПИ

 полиция подполковнигі

Сурет ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521