Қарғыс алма, алғыс ал...

(0 Votes)

Ертеде ата-әжелеріміз бізге өз ақыл-кеңестерін айтып отырып қарғыс алмай, алғыс алуға тырысыңдар деп жиі айтатын еді. Балалықпен, шалалықпен бұл сөздің парқын жете түсінбеген екенбіз.

Есейе келе үлкен мағынасы бар екенін ұғындық. Себебі "батаменен ел көгерер" дейді дана халқым. Үлкеннің батасы мен кішінің, замандастың алғысын ала жүргенге не жетсін. 

Алғыс - адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай-ақ оның ойы мен іс-әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беруі. 

Жақсы сөз айту, жақсылық жасау - әрбір адамның міндеті. Алғыс сөздерінде бір сиқыр бар - олар арқылы біздер бір-бірімізге ризашылығымызды көрсетеміз, көңілімізді білдіреміз. Адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын, жақсылық жасағысы келіп тұратынын естен шығармауымыз керек. Өмірдің әрбір сәтін бағалап білуге үйренейік. 

Ж.Н.Жалелова, Г.Н.Андреева,

М.В.Ломоносов атындағы жалпы орта мектептің кітапханашылары

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT