Ар-ождан – адамдық өлшемі

(0 Votes)

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ ҚЫЗМЕТТІК ӘДЕБІ АДАЛ НИЕТТІЛІК, АДАЛДЫҚ, ӘДІЛДІК, АШЫҚТЫҚ, СЫПАЙЫЛЫҚ ЖӘНЕ КЛИЕНТКЕ БАҒДАРЛАНУ ДЕГЕН АЛТЫ ҚАҒИДАТҚА НЕГІЗДЕЛЕДІ. ӘДЕП КОДЕКСІ БОЙЫНША ОЛАР ҚЫЗМЕТТЕН ТЫС КЕЗДЕ ДЕ ӨЗІНІҢ АДАЛДЫҒЫНА, АР-ҰЯТЫНА, ӘДЕПТІЛІГІНЕ ҚАТЫСТЫ ЖҰРТТЫҢ  КҮМӘНІН ТУДЫРМАУҒА ТИІС. ӘДЕП КОДЕКСІНІҢ  АЛАПТАРЫН САҚТАП, ОНЫ МҮЛТІКСІЗ ОРЫНДАУ ӘРБІР ҚЫЗМЕТКЕРДІҢ  ОҒАМДАҒЫ  ЖАУАПКЕРШІЛІГІ МЕН МІНДЕТІ  БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ.

Мемлекет басшысының 2023 жылғы 2 қарашадағы №396 Жарлығымен Әдеп кодексіне тиісті өзгерістер енгізіліп, оған сәйкес мемлекетік қызметшілерге қызметтік міндеттерін орындауға байланысты жағдайларды қоспағанда, ойын мекемесіне баруға тыйым салынды. Ата-бабаларымыз ар-абыройды баға жетпес құндылыққа балаған. «Пайда ойлама, ар ойла», «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрсемен озады. Одан басқа нәрсемен оздым ғой демектің бәрі де ақымақшылық...» деп ұлы Абай атамыз айтып кеткендей, адам үшін ар-ұждан бәрінен қымбат, бәрінен биік. Ұлы ойшылдың ақыл сөздерін әрбір мемлекеттік қызметші көкейіне құйып, өмірлік ұстанымына айналдыруға тиіс. Мемлекеттің өркендеуі, халықтың әл-ауқатының артуы, қоғамның кез келген саласының дамуы –бірінші кезекте мемлекеттік қызметкердің еңбегіне тікелей байланысты. Қандай да бір қоғамның әлеуметтік-экономикалық  дамуында мемлекеттік қызметтің  латын орны ерекше. Мемлекеттік қызметті жандандыру үшін, ең біріншіден, барлық мемлекеттік органдарда қызмет жасайтын мемлекеттік қызметшілердің білімі мен  біліктілігін арттыру қажеттігі туралы талаптар басты назарда. Өйткені, еліміздің өркендеуі, дамуы, мемлекеттік қызметшілердің отансүйгіштігіне, білімі мен біліктілігіне байланысты. Сонымен қатар, үлкен жауапкершілікті де талап етеді. Яғни мемлекеттің саясатын іске асыратын мемлекеттік қызметкер, ал мемлекеттік қызметтің мәртебесі мен беделі қызметшілерге тікелей байланысты екені айдан анық. Ұлт мәртебесін көтеретін, ел абыройын асқақтататын мемлекеттік қызметкер болу – жауапты міндет. Мемлекеттік қызмет қашанда мінсіз болуы тиіс. Себебі, елдің ертеңі соларға байланысты. Бір сөзбен айтқанда, қазіргі таңда мемлекеттік қызмет билік пен қарапайым халық арасын жалғайтын алтын көпірге айналды. Мемлекеттік  қызметшілердің ең басты міндеті – халыққа адал қызмет ету. Әрбір мемлекеттік қызметші осы қағиданы ешуақытта ұмытпауы тиіс. Әрқашанда мемлекеттік қызметтің абыройлы міндет болып қала беретіні сөзсіз.

Арон ҒҰМАРОВ,

Азғыр ауылдық округінің бас маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT