Қар күреу қарқынды жалғасуда

(0 Votes)

Қазіргі уақытта аудандағы орталық көшелер мен жаяу жүргіншілер жолдары қардан тазартылуда, - деп хабарлайды Құрманғазы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Тазалық жұмыстары ең алдымен әлеуметтік нысандар, оның ішінде тұрғын үй кешендері, білім беру нысандары, денсаулық сақтау мекемелерінде жүргізілуде. Сондай-ақ ауылішілік жолдарды тазарту ісі де – басты назарда.

Аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Шынболат Мусиннің айтуынша, тазалық жұмыстарына «Ганюшкин Құрылыс» ЖШС-не қарасты 21 жұмысшы мен 11 арнайы техника жұмылдырылған.

Айта кетейік, ауа-райының қолайсыздығына байланысты аудан аумағында қар тазалау жұмыстары аудан әкімдігінің жіті бақылауында болып, барлық тиісті жұмыстар атқарылады деп жоспарланған.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT