Ақкөлдегі Құрбан айт

(0 Votes)

Барша мұсылмандардың ұлық мейрамы Құрбан айт ауданымыз көлемінде кеңінен аталып өтті.

Ауданымызда халқы жағынан екінші орында тұрған, теміржол торабында орналасқан Ақкөл ауылы да одан шет қалмады. Жиналған халық алдында ауыл ақсақалы Ерсайын Касимов, «Темірәлі» мешітінің найб имамы Ерлан Маратұлы, бір топ мекеме басшылары, ардагерлер сөйлеп, Құран айтпен құттықтап, ізгі тілектерін жеткізді. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы имамдарының, дәстүрлі Ханафи мазһабын ұстанатын жамағаттың, округтегі мекемелер мен ауыл жанашырларының ұйымдастыруымен тігілген ақ шаңқын киіз үйлерде тұрғындарға арнап дастархан жайылды. Қазан көтеріліп, құрбандыққа шалынған екі ешкі мен бір қойдың еті асылып, келушілер қонақ етілді. Ауыл молдасы Құран оқып, батасын берді.

 

akkol-kurban-2

a

Сонымен қатар спорттық ойындардан, ұлттық спорт түрлерінен, қазақ күресінен, арқан тартудан, грек-рим күресінен, кір тасын көтеруден, садақ ату, асық ату және басқаларынан жарыстар ұйымдастырылды. Балаларға арнап батут құрылып, тегін тәттілер таратылды. Жарыс жеңімпаздарына медалдар мен дипломдар, естелік сыйлықтар табысталды. Мерекелік шара өте жақсы деңгейде өтіп, тұрғындар риза болып тарады.
Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT