Қапы қалып жүрмеңіз!

(0 Votes)

Міне, жадыраған жаз айына да қадам бастық.

Уақыт жүйткіп өтіп жатыр. Бұл мерзімді баспасөзге жазылу аяқталатын ай. «Серпер» газетіне жазылудың бүгінгі қарқыны өте баяу. Аудан айнасынан қол үзбеуді, өңіріміздің тыныс-тіршілігінен хабардар болып отыруды қаласаңыз арқаны кеңге салмай жазылуды тездеткеніңіз дұрыс. Кейбір адамдар сөйтіп жүріп көш соңында қалады. Олар жазылмайын демейді ғой, алайда тіршілік тауқыметімен, күнкөріс қамымен, басқа да себептермен кешігіп қалады. Баспасөзге жазылудың соңғы күні маусымның 25-і, ендеше асығайық, қымбатты оқырман.

«Газет – өмір айнасы» деген сөз бар. Сондықтан, ол әр ұжымға, әр отбасыға, жеке азаматтарға аса қажет. Мәселен, «Серпер» газеті шыққан соң, «мақалам бар еді, көңіл қош, еске алуым шығып еді, бір нөмірін тауып беріңіз дағы» деп есік құрғатпайтын тұрғындарды былай қойғанда, лауазым иелері де көп. Сондықтан, жазылудан кеш қалып, қапы қалмаңыз дегенді айтқымыз келеді. Енді мекемелерде еңбекдемалыстарының, қым-қуыт жазғы тірліктің қайнаған кезі басталады. Бірақ, оған қарамастан жазылуды бәсеңдетпеуді, болжамнан шығу үшін қарқынды жылдамдатуды өздеріңізден сұраймыз. Бет хатталып жатқанда Қиғаш, Ақкөл округтерінің әкімдері хабарласып, жазылуды ұйымдастырып жатқандарын, алайда, пошта қызметкерлері осы уақытқа дейін болмағандықтан мәліметтері ортақ базаға енбей отырғандарын жеткізді. «Қазпошта» торабы бұл жөнінде Ақкөлде 26 мамыр күні пошта қызметкері өз жұмысын бастағанын мәлімдеді.

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521