Қаптаған қарасора жойылды

(1 Vote)

Сафон ауылында қарасора шөбі өркен жайды. Есірткі тектес өсімдікті жергілікті шекара қорғаушылары анықтапты.

Көлемі 3 гектарға дейін созылған қарасора алқабын шабуға жергілікті әкімдік пен ҚР Шекара қызметінің Атырау облыстық департаментінің аудандық шекара бөлімінің өкілдері қатысты. Жалпы шөпті ору,өртеу жұмыстарына Сафон ауылдық округінің 3 ақылы қоғам қызметкері жұмылдырылып, 50 мың түп наша өсімдігі өртелді.

img-20210727-wa0013

Шекара қызметінің өкілі Самғат Серікұлының айтуынша, бүгінде қарасорадан анаша дайындап, у сатып ұртын майлағандар көбейіпті. Оның мәліметінше, сананы улап, ми жұмысын тоқтатар, қызығы 2-3 сағатқа созылатын бұл шөпке деген тәуелділік жастар арасында белең алып тұрған көрінеді. –Бұл бей-жай қарайтын жағдай емес. Еліміздің ертеңі болатын ізбасарларымыздың есірткі өнімдеріне қызығушылық танытуы түйткілді мәселе деп білемін. Өйткені, қарапайым шөптен басталған құмарлықтың арты одан күшті есірткі өнімдерін тұтынуға, түрлі қылмыстың орын алуына әкеліп соғады. Осыған орай, өңірімізде жайқалып тұрған қарасора өсімдігін өртеп, тамырымен жоқ етіп, контрабандалық қылмыстардың алдын алу үшін қолдан келгенше кеңінен жұмыстар атқарып жатырмыз,-дейді Самғат Серік.

Айта кетейік, мұндай типтегі шөптерге уытқұмарлық 20-35 жас аралығындағы жастар арасында кеңінен кездеседі. Қазіргі таңда аудан бойынша есірткі өнімдерін алып-сатуда 6 қылмыс тіркеліпті.

img-20210727-wa0012

Жайдарлым ЕРКЕБҰЛАНҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT