Адамзатқа орны толмас зор қасірет әкелген әлемдегі ең ірі ядролық техногендік Чернобыль апатына биыл 36 жыл толды.
Сонау 1986 жылдың 26 сәуірінде Украинадағы Чернобыль атом электр станциясының 4-ші энергоблогында апат болды. Апат салдарынан радиоактивті заттар, оның ішінде уран изатопы, плутанин, цезий қоршаған ортаға таралды. Радиоактивті түтін аймақтан асып, оннан аса мемлекеттің жерін ластап, миллиондаған халық зардап шекті. Оны залалсыздандыруға ауданымыздан 57 адам қатысты, қазіргі уақытта олардың 17-сінің ғана көзі тірі. Ғаламат апат орын алған қасіретті күн елімізде апаттың зардабын жоюға атсалысқандарға құрмет көрсететін күн ретінде аталып өтеді.
Көзге көрінбейтін жаумен күрескендерге тағзым ретінде атаулы күні боздақтар алаңындағы ескерткішке гүл шоқтары қойылды. С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйінде «Жапырақ ғұмыр, жаралы кеуде» атты мәдени шара ұйымдастырылды. Өмірден озған чернобыльдықтардың рухына тағзым етіліп 1 минут үнсіздікпен еске алынды. Аудан әкімінің орынбасары Гүлнәр Хасанова шараға қатысушыларды атаулы күнмен құттықтап, апат салдарын ауыздақтауға атсалысқандардың арада барының бір тобына Алғыс хат табыстады. Аудандық Чернобыль ардагерлері ұйымының төрағасы Ерсұллтан Мәмбетов көрсетіліп отырған құрмет үшін ризашылығын білдірді. Шарада аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары әдеби коипозиция қойып, патриоттық әндер орындады.
Айбек ӘНУАРҰЛЫ