«Апат айтып келмейді» келмейді дегендей, наурыздың 4-і күні кештіғұрым ауы-райы күрт бұзылып, жаңбыр жауып, 22-23 м/сек қатты жел тұрды.
Сылбыр жауынның соңы қар аралас бұрқасынға ұласып, сулы қар электр желілерінің үзілуіне, бағаналардың құлауына әкеліп соқтырды. 5 наурыз күні сағат 04-00 шамасында ауданның барлық округтері дерлік жарықсыз, жылусыз және байланыссыз қалды. Аудан бойынша 10890 абонент ток көзінен ажыратылды. Ұялы телефондар да, әлеуметтік желілер де істемеді.
Табиғи апаттың салдарынан электр желілерінің 22 метрлік 35 кВТ-1 дана, 22 метрлік 10 КВТ 6 дана, 11 метрлік 10кВТ- 400 данаға жуық электр бағандары құлап, ток көзі мен байланыс желілері істен шыққаны анықталды. Медицина мекемелері мен өзге де маңызы бар нысандар уақытша дизель генераторларының көмегіне көшті. Қалпына келтіру жұмыстарына «Атырау Жарық» АҚ–ның 8 бригадасы(56 адам, 20 техника) және «Қазақстан Теміржолы» компаниясының электрмен қамту бөлімінің 1 бригадасы (15 адам, 6 техника) жұмылдырылды. Уақытпен санаспай жасалған жөндеу жұмыстарының нәтижесінде әр мөлтек аудандарға қалпына келтірілуіне сай кезең-кезеңмен электр энергиясын беру мүмкін болды. Жөндеу бригадалары наурыздың 6-9 аралығында қалпына келтіру жұмыстарын атқарды. «Қазақтелеком» АҚ-ның 20 станциясының 12-де байланыс орнатылды. Күні бүгін Құрманғазы, Байда, Орлы, Шортанбай, Дыңғызыл, Қиғаш, Сүйіндік, Асан, Азғыр, Нұржау, Жаңаталап, Теңіз, Кудряшов, Еңбекші, Мақаш, Сафон, Ақкөл округтеріне ток көзі берілді. Қазіргі уақытта Көптоғай округіне 1 бригада, 6 адам, 4 техника, Бірлік ауылдық округіне 3 бригада, 14 адам, 3 техника жұмылдырылды. Көптоғайға ертең, Бірлікке бүгін жарық беріледі. Кейбір елді мекендерде электр қуаты және байланыс желілерін қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда. «Қазақтелеком» АҚ-ның 27 станциясының 20-да байланыс орнатылды. Қазіргі уақытта 7 станция қосылған жоқ.
Айбек МЕЙІРМАН