Анықтамасыз шекарадан өте алмайсыз

(1 Vote)

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасындағы өткізу пункттерінде коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 23 қазандағы №59 қаулысына өзгерістер енгізілген болатын.

Қаулының 1-тармағының 2-тармақшасында: «Алып жүретін адамдарда Анықтама болған жағдайда 5 жасқа дейінгі балаларды; ҚР-ның үкіметтік делегацияларын; ҚР Сыртқы істер министрлігінің шақыруы бойынша ҚР-на келетін шет мемлекеттердің және халықаралық ұйымдардың ресми делегацияларының мүшелерін; ҚР-да аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктердің, консулдық мекемелердің және халықаралық ұйымдар өкілдіктерінің қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерін; локомотив бригадаларының мүшелерін; теміржол, теңіз және өзен көлігіндегі тасымалдау қызметімен байланысты адамдарды қоспағанда, барлық келген адамдар ҚР-ның Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезде нәтижесі берілген күннен бастап 3 тәуліктен аспайтын уақыт өткен ПТР әдісімен COVID-19-ға тестінің теріс нәтижесі бар анықтаманы ұсынуға міндетті» деп көрсетілген.

img_6162

Аудан әкімі Қайрат Нұртаев пен мекеме басшылары Байда ауылындағы Құрманғазы шекара бекетінде болып, карантин талаптарының сақталу барысын қадағалады. Шекара қызметкері Алмат Ержанұлының берген мәліметінше, кеше шет мемлекеттен келген ПТР әдісімен COVID-19-ға тестінің теріс нәтижесі бар анықтамасы жоқ 55 автокөлік жүргізушілерінің 25-і қаулыға сәйкес кері қайтарылды. Олар өз елдерінен аталмыш анықтаманы алып, тапсырғаннан кейін ғана Мемлекеттік шекарадан өтуге құқылы. Бүгінде Құрманғазы шекара бекетінде тұрған 100-ден аса жүк тиеген көліктердің жүргізушілеріне түсінік жұмыстары жүргізілуде. Алайда, тәртіпке бағынғылары келмейтіндерінің қарасы қалың.

img_6165

Аудан әкімі Қайрат Нұртаев Заңның баршаға ортақтығын, шекара қызметкерлеріне қандай да көмек қажет болса, бірлескен жұмысты ұйымдастыруға дайын екенін жеткізді.

Еркеназ Қалижан

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521