Қантсыз қалмайсың, қамықпа

(0 Votes)

Ауданда секер қымбаттағанымен қоймай, дүкен сөрелерінде атымен жоқ.

Наурыздың басында ақ ұнтақтың 5 келісі 1500 теңгемен сатылып, қазір оның құны 2500-ге жетті. Осы ретте, сауда орындарындағы шекер бағасын бағамдап қайттық. Орталық базарға бара қалсаңыз, қант іздеп сандалған бір адамды көресіз. Олар тәтті ұнтақтың соммасы қанша болса да, сатып алуға шақ жүр. Тек тапсақ болды дейді. Ал, «Серпер», «Мерғали» базарында бұл азық түрі біткен, тұрғындар екі апта бұрын қос-қостан сатып алып кетіпті.

Өткен жексенбіден бері секер іздеп жүрмін. Ауылда болмаған соң, ауданға келіп едім, еш жерде жоқ. Қалада жүрген туыстарым да таба алмай келді,-дейді сол жердегі тұтынушылардың бірі.

Сонымен қатар, өңірдегі арзан нүкте - «Қиғаш» пен «Нұрболат» дүкендерінде қанттың бір келісі 235-250 теңге, бірақ, иелері бес келіге дейін өлшеп беруде. Олар бағаның бұлай асқақтау себебін көршілес елдегі жағдаймен түсіндірді. Оған қоса, шекарадан тек арнайы рұқсат қағазбен ғана өтуге мүмкіндік бар әрі о жақтағы ақ ұнтақтың бәсі де қымбаттап кеткенін айтады.

Аталған мәселе бойынша ауылшаруашылық бөліміндегілер қазіргі таңда аудан бойынша қанттың 13 тоннаға жуық қоры бар екендігін мәлімдеді. Мамандар алдағы уақытта секерден тапшылық болмайды деп сендірді.

 

Жайдарлым Қайреден

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT