«ANTI FRAUND» жедел профилактикалық іс шарасы

(0 Votes)

Құрметті аудан тұрғындары және әлеуметтік желі қолданушылары!    Ағымдағы жылдың тамыз айының 09-15 күндер аралығында аудан көлемінде интернет алаяқтыққа қарсы бағытталған «ANTI FRAUND» жедел профилактикалық іс шарасы өткізілуде.

Интернет алаяқтықтың қазіргі таңда қоғамымызда ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Қазіргі уақытта кез-келген адамның смартфоны және планшеті бар, соған байланысты интернет алаяқтықтың құрбанына айналуы әбден мүмкін. Қоғамымызда ең жиі кездесетін интернет алаяқтықтың түрлеріне тоқтала кетсек: Интернет-алаяқтықтың көп кездесетін түрі пәтерді жалға беру, онлайн несиелер рәсімдеу, «Коке.кз», «Колеса КЗ», интернет парақшасында автокөліктің қосалқы бөлшектерін сату, жұмысқа орналастыру, сонымен қатар, «Instagram, Facebook, Telegram, В контакте» интернет парақшаларында әр-түрлі киім кешек сату жөнінде жарнама шығарып алдау.Интернет арқылы сауда- саттық жасау кезінде алдын-ала төлем жасау, немесе өздерін банк қызметкерлері ретінде таныстырып, жеке деректерді иемдену. Азаматтардың құжаттарының көшірмелерін пайдалану арқылы несие алу, қаржы пирамидасы және сіздің нөміріңіз ұтысты жеңімпаз атанды деп қоңырау шалуы, sms хабарламалар жіберіп жеткізіп беру үшін тауарға қосылған құн салығын ғана төлеу керектігін айтып алдауы. Жоғарыда айтылғандардың негізінде ауданымыздың тұрғындарына интернет алаяқтықтың құрбанына айналмау үшін, өзіңіз түсінбейтін немесе күмән келтіретін интернет жүйелерге кірмеуге кеңес береміз. 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521