Қандай құрмет те жарасады

(1 Vote)

Ел басына түскен нәубет кезінде күн-түн демей науқастардың жай-күйі үшін жан аямай қызмет қылып, көңілдерін ақ халатындай кірлетпей сақтаған дәрігерлердің еңбегі әрине, ұшан-теңіз. Оларға қандай да болсын марапат та, мақтау да артық етпейді.

Қазір облыстық ересектерге арналған туберкулездік санаторияда өмір үшін қызу күрестің қайнаған тұсы. Өңіріміздегі аты жаман індетпен ауырғандарды сын сағатта сенім отын өшірмей, сергек қалыптарына қайта оралту үшін сұрапыл күш жұмсап жүрген абзал жандарға ауданның мемлекеттік қызметкерлерінің де айтар алғысы шексіз. Оны іспен де көрсете алды. Орталық мамандарына аудан әкімі аппаратының ұйымдастыруымен алынған қажетті азық-түлік табысталды.

img_2694

Сонымен қатар сөзбен демеу лебіздеріне көңілі толқыған аталмыш санаторияның бас дәрігері Амантай Арыстанәлиев:

« - Бізбен бірге екенін әркез қолдау-көмегімен дәлелдеп жүрген аудан әкімі Қайрат Талапұлы бастаған мемлекеттік қызметкерлерге ұжым атынан үлкен ризашылығымызды білдіреміз. Індеттің саябырсып келе жатқанын байқап отырмыз. Тіркелетін науқастар саны да күн өткен сайын азайып келеді. Жұдырықтай жұмылып, жанымызға мейірім-жылу сыйлау арқылы қиындықты түбегейлі еңсеретінімізге сенімім мол»,-деп ағынан жарылды.

img_2697

Еркеназ Қалижан

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521