С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйінде осындай тақырыппен жерлесіміз, Халық Қаһарманы Хиуаз Доспанованың туғанына 100 жыл толуына орай салтанатты жиын өтті.
Алдымен зал толы көрермен батыр қыз жайыл бейнетүсірілімді тамашалады. Құттықтау сөз сөйлеген аудан әкімі Марат Мурзиев майдан аспанына 360 рет көтеріліп, жау нысандарын бомбалаған батыр қыздың ерлігін тілге тиек етіп, өткенді құрметтеу арқылы өскелең ұрпаққа тәрбие берілетінін жеткізді.
Халық Қаһарманының ерлігін насихаттаушы журналист Тұрсын Қалимова, Хиуаз анамыздың ұрпағы Ерболат Шәкуұлының, «В небе ночные ведьмы» атты фильмде Хиуаз рөлін сомадаған, Маңғыстау өңірінен келген кеш қонағы Маржан Аюпова, батырдың туыс сіңлісі Диляра Доспанованың өңірлеріне төсбелгі қадап, арнайы дайындалған естелік сыйлықпен марапаттады.
Одан әрі бір топ еңбек ардагерлерін, аудандық аналар кеңесі ұйымдастырған «Батыр ана ізімен» айлығына қатысып белсенділік танытқан округтердің аналар кеңестерінің төрайымдарын төсбелгімен ұлығылады.
Келесі кезекте аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сағынжан Рахимов мерейтойға орай өткізілген іс-шараларда жұмыстары үздік деп бағаланған, әндер, мүшайралар байқауында жеңімпаз болған түрлі сала өкілдері мен мектеп оқушыларға төсбелгі табысталды.
Кеш қонағы, батырдың ұлы Ерболат Амиров ұйымдастырылып жатқан шара үшін ризашылығын білдіріп, еліміздің қорғаныс қабілеті мықты болуы керектігін тілге тиек етіп, бейбіт аспан астында халқымыздың мамыражай тірлігі жалғаса беруін тіледі.
Салтанатты жиын С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйі әзірлеген концерттік бағдарламаға ұласты.