Аналар - пікірсайыс алаңында

(1 Vote)

Құрманғазы аудандық Аналар  кеңесі "Рухани құндылықтар - адамгершілік  негізі" тақырыбында округтердің аналар кеңестері  мен жас  аналар мектептері арасында өткізілген Дебат пікір сайыс алаңын Абай атындағы орта мектебінің директорының орынбасары  Жандыбаева Мейрамгүл ұйымдастырып жүргізді.

Дебат пікір сайысының мақсаты: Әрбір ананың зияткерлік мүмкіндіктері мен көшбасшылық қабілеттерін дамыту арқылы, ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған уәждемелік кеңістік құру. Осы алаңдағы жұмыстарды үлгі ету арқылы жас аналарды ынтымақтастыққа және жағымды қарым- қатынасқа,  таңдау жасау жағдайында өздігінен шешім қабылдауға  бейімдеу, ұрпақ тәрбиесінде жауапкершіліктерін арттыру. 

analar-sajysy1

Американдык парламенттік форматта өткізілген дебат сайысына Алтынсарин, Бегалиев атындағы орта мектептерінің аналар  кеңестері мен Гагарин, Уалиханов атындағы орта мектептерінің жас аналар мектебі командалары қатысып, тақырыпқа сай коғамдық маселелерді талдап, талқылады. Пікір сайыс екі кезеңнен өтті. Қатысушылар  жүлделі орындары бойынша дипломдармен марапатталды. Шараны Аналар кеңесінің төрайымы БАЛҒАНЫМ Хасенқызы  қорытындылады.

analar-sajysy

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521