Аналар қолымен жасалған бұйымдардың көрмесі

(0 Votes)

Құрманғазы аудандық Аналар кеңесі жылдық жұмысын қорытындылап "Ұлттық мәдениеттің алтын тамыры- Ана өнегесінде" тақырыбындағы форум өткізді.

Шара "Аналар қолымен жасалған" тақырыбындағы көрмемен басталды. Көрме төрт бөлімнен тұрды. І - бөлімде. Аналар кеңесінің "Мәдениетті ана- мәдениетті ұлт " жобасы бойынша атқарылған жұмыстары қойылды. Көрмеге Аналар кеңестері мен Аналар кеңесі жанындағы түрлі клубтар өздерінің жұмыстарынан альбомдар жасақтап қойды. ІІ- бөлім "Қол өнер бұйымдарына арналды. Әр округтерден келген қол өнер туындылары өте әдемі,тартымды, заманауи тұрғыда жасалған. ІІІ- бөлімге "Ұннан жасалған ұлттық тағамдарға" арналды.

Онда Махмудова Бақтылы Құспанғалиқызының нан- тағам камбинаты дайындаған тағам түрлері орын алды. ІҮ-бөлімде.Түрлі ұлт өкілдерінің ұлттық тағамдары" болды. Бұны Ақкөл округінің "Достық" этно клубы ұйымдастырды. Көрмеге клуб мүшелері әр ұлттың киімін киіп. Неміс, кәріс, орыс, латыш халықтарының дастархандарын жайып тамақ түрлерін көрсетті. Көрмеге қатысу арқылы тәжірибе алмасылады, "осыны менде жасасам" деген қызығушылығық пайда болады.

Жақсыны көріп , көңілі толып , шығармашылық шабыттанады. Көрменің өтуіне , ұйымдастырылуына қатысқан, бұйымдар дайындап әкелген аналарға ризашылық білдіреміз.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT