Аналар ұлықталған күн

(0 Votes)

Мақаш ауылдық округінде Ұлыстың ұлы күніне орай “Қош келдің Әз-Наурыз” атты мерекелік шара өтті.

Шара барысында аудандық фермерлер одағының төрағасы Есболат Құбашев құттықтау сөз сөйлеп, ауылдағы 9 ардагер анаға Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы ардагерлер кеңесі Қоғамдық бірлестігінің “Құрметті ардагер” төсбелгісін табыстады. Олардың қатарында: Бахыт Қабиева, Баян Дәулетова, Сапура Мурасқалиева, Гүлзада Ғұмарова, Нурзиба Умбеталиева, Марфуға Адилова, Звайда Қожабаева, Марфуға Шугаепова және Қалампыр Жұмағалиева болды.

Есболат Закарұлы өз сөзінде:

- Бұл төсбелгіге зейнеткер аналарды аудандық фермерлер одағы арнайы ұсынды. Себебі аты аталған жандар әртүрлі саладағы ерен еңбектерімен еліміздің өркендеуіне өлшеусіз үлес қосты. Заманының қызылтаяң тұстарында тауаны шағылмай, табанды жұмыс атқаруымен қатар шаңырағының шаттығын еселеп, жапырағын кеңге жайды. Осындай батыр аналарымызды өскелең ұрпаққа үлгі ету - парызымыз. Аяулы жандардың көңілдері бір тасып қалсын деген ниетпен әрқашан қолдап, оларға тиісті қамқорлықты үзбеу керек,-деді.

Расында бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербеткен ақжаулықты аналар марқайып, мадақталған күн болды.

Шара соңында Есболат Құбашев “Алтын асық” тойханасында мерекелік дастархан жайып, асыл аналардың ақ батасын алды.

Еркеназ Қалижан

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521