Аналар кеңесінің жаңа жобасы

(0 Votes)

С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйінде аналар кеңесінің жылдық жұмыстарының қорытындылануына орай «Ұлттық мәдениеттің алтын тамыры – Ана өнегесінде» атты аналар форумы ұйымдастырылды.

Оның шымылдығын аналар кеңесінің төрайымдарынан құралған хор ұжымы мен аудан өнерпаздары аналар кеңесінің Гимнімен ашты.

a

Жаңадан тұсауы кесілген әннің сөзін жазған ақын-журналист Таңатар Дәрелұлы, әнінің авторы композитор Талапқали Зайнуллин. 2021 жылы 21 қазанда Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесі хаттамасының 2 тарауы, 1 тармағына сәйкес «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» жобасы қолға алынған болатын. Жыл бойы аталған жоба негізінде аудан әкімі жанындағы әйелдер істері, отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мен аналар кеңесі бірігіп, түрлі тәрбиелік-танымдық бағытта шаралар ұйымдастырды. Құттықтау сөз сөйлеген аудан әкімінің орынбасары Гүлнар Хасанова қоғамда әйел мен ананың рөлін, отбасы құндылықтары мен отбасы институтының маңыздылығын, сондай-ақ жастар мен болашақ ұрпақты рухани-адамгершілік пен патриоттық тәрбиелеудегі ата-аналардың міндетін арттыру бағытында жүзеге асқан жоба жөнінде тілге тиек етіп, бірқатар марапаттар тапсырды. «Ұлттық рухани-мәдениетті дәріптеуші», «Еліне азамат тәрбиелеген отбасы» медальдарын лайықты жандардың өңірлеріне қадап, «Ел анасы» атағымен ғұмырының 55 жылдан астам уақытын ауданның әлеуметтік- экономикалық дамуына арнаған аудандық Атқару комитетінің орынбасары, әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы, мектеп директоры болған, әйел – аналар арасындағы қоғамдық жұмыстарға ұзақ жылдар бойы белсене араласқан Сәркен Нұрғожинаны марапаттады. Одан әрі аудан әкімінің, аудан әкімі жанындағы әйелдер істері, отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның алғыс хаттарын кеңес жұмысында белсенділік танытып жүрген нәзік жандыларға ұсынды.

a

analar-forumy-marapattalandar

a

«Мәдениетті ана - мәдениетті ұлт» республикалық жобасының ауданда іске асырылуы туралы аудандық аналар кеңесінің төрайымы Балғаным Хасенова кең көлемді баяндама жасап, слайд арқылы түсіндірді. Жыл ішінде қанатқақты жобаның мақсаты мен міндетін басшылыққа ала отырып, түрлі бағыттар бойынша жұмыстар атқарылған. Ауылдық округтерде жаңадан клубтар құрылып, жобаға қатысты 74 іс-шара жүзеге асқан. Одан әрі аудандық мәслихат депутаты Гауһар Болатбаева, аудандық білім саласы кәсіподақ комитетінің төрағасы Әуез Изжанов марапаттар легін жалғастырды. «Ақ қауырсын» қыздардан құрылған поэзия клубының мүшелері өлеңдерін оқыса, «Бойтұмар» аналар- қыздар театр клубы Абай жолы роман эпопеясынан қойылым сахналады. Бақытгүл Оразова, Жазира Мұхамединова, Алмазия Жахина күйлерін күмбірлетіп, форумның соңы «Аяулы анам» әнімен қорытындыланды.

s

Айнагүл Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521