Аналар ардақталды

(0 Votes)

Гүл-көктемнің көрікті мерекесіне орай аудан әкімдігінде «Ару – ана өмірдің асылдары» атты шара ұйымдастырылды.

Әсем кешті әрлеп жүргізген ауданға танымал өнерпаздар Б.Бидоллаев пен С.Саламатов ақын Төлеген Айбергеновтің әйгілі «Ана» өлеңінен үзінділер келтіріп, қазақта болған небір көркі мен кемеңгерлігі келіскен аналарымызды, дана аруларымызды, батыр қыздарымызды тізбелеп, рухтарын тербеп өтті.

8-nauryz4

8-nauryz1

Аудан әкімінің орынбасары Жандос Бектеміров құттықтау сөзін арнап, әйел-қыздардың қоғамдағы роліне айрықша тоқталды. Марапаттау рәсімінде  «Е.Құбашев» шаруа қожалығының қызметкерлері Айнагүл Абдулованың, Ләззат Мұхлесованың өңірлеріне  «Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің ІІ дәрежелі «Еңбек даңқы»  төсбелгісін қадады. Сондай-ақ, еңбекте озат, отбасында үлгілі болған бір топ қыз-келіншектерге аудан әкімінің Алғыс хатымен табыстады.

Келесі кезекте «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының орынбасары, аудандық мәслихат депутаты Өмірболат Есенғазиев, мәдениет саласының ардагері, Құрманғазы ауылдық аналар кеңесінің төрайымы Гаухария Төкестаева жүрекжарды лебіздерін білдірді.

8-nauryz2

8-nauryz3

Соңынан аудандық мәдениет үйінің өнерпаздарының шағын концерті ұйымдастырылды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521