Құрметті аналар, апалар мен қарындастар!

(0 Votes)

Баршаңызды көңілді жадыратар көктемнің алғашқы мерекесі 8 Наурыз – халықаралық әйелдер күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Әйел адам қашан да жер бетіндегі тіршіліктің өзегін келешекке жалғаған, өсер ұрпағына құндақтағы шағынан ізгіліктің дәнін еккен, айналаға қуаныш пен жылылық лебін тарата білген абзал жан. Осы нәзік жандардан тараған шапағат нұры кез келген қиындыққа тосқауыл болады, айналаға сән беріп, береке-бірлік бастауына ұласады.

Бүгінгі таңда әйел адамдар қоғамның қай саласында болмасын алдыңғы қатардан көрініп, белсенділік танытып жүргені анық. Өз өлкеміздің және жалпы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына да ерекше үлес қосып келеді.

Сіздерді төл мерекелеріңізбен тағы да құттықтай отырып, мықты денсаулық, таусылмас дария мол бақыт, отбасыларыңызға амандық, жемісті еңбек тілеймін.

Тәуелсіз Республикамыздың қол жеткен асуларына қосып келе жатырған үлестеріңізге шынайы алғысымды білдіремін.

 

 Құрметпен, Қ.Нұртаев

аудан әкімі 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521