Аналарға құрмет көрсетті

(0 Votes)

Жаңа жыл қарсаңында Байда ауылдық округінің әкімі Ж.Төреғалиев аналар кеңесінің індет кезінде, жыл ішінде атқарған жұмыстарын оң бағалап, оның бір топ мүшелерін марапаттау рәсімін өткізді.

Құттықтау сөзінде Жүсіп Сүлейменұлы: – Жыл басынан бері атқарылған жұмыстарға тоқталсақ, Аза тұту күніне орай көңіл айту бейнеролигі жасалды. Ол «Facebook» әлеуметтік желісіне жарияланды. Ассамблеяның 25 жылдығына орай аудандық «Серпер» газетінде Р.Исмағұлованың «Қазаққа келін болған беларусь қызы» атты мақаласы шықса, осы автордың Шорнақтағы жағдайға байланысты репостысы аталған әлеуметтік желіде көрініс тапты.

Абай күніне арналған сайысқа қатысқан екі оқушымыз Татьяна Шушуева қара сөзден, Альбина Ерсайынова өлеңнен екінші дәрежелі дипломға ие болды. «Мектепке жол» акциясына аналар кеңесі 10 мың теңге жинап берді. Ата Заңымыздың мерекесінде құттықтау бейнеролигі түсіріліп, «Facebook» әлеуметтік желісіндегі облыстық қоғамдық кеңестің парақшасына жарияланды. «Отбасы күніне» арналған бейнеролигіміз облыстық және республикалық қоғамдық кеңестің аталған желідегі парақшаларына салынды. Аналар күнінде «Менің анам алтын» атты аудандық байқауға аналар кеңесінің мүшесі Г.Хасанованың тапсырмасымен Сайфеденовтер, Сабировтер отбасылары қатысып, аудандық Аналар кеңесінің алғыс хатымен марапатталды, - деп округтің аналар кеңесі жыл ішінде атқарған басқа да жұмыстар мен жетістіктерді атап көрсетіп, ризашылығын білдірді.

img-20201231-wa0071

img-20201231-wa0067

Округтің аналар кеңесінің төрайымы Р.Исмағұловаға, мүшелері С.Сатылғанова, Л.Зайнебиденова, Ұ.Қабдолова, А.Айтбаева, З. Баймағамбетоваға аудан әкімінің, Г.Зинетуллина, А.Ахмұханова, А.Дүйсенова, Г.Хасанова, Т.Ахметова, М.Сүлейменоваға округ әкімінің алғыс хаттарын табыс етті. Шара соңында Байда ауылдық округі аналар кеңесінің төрайымы Р.Исмағұлова сөйлеп, аналар атынан көрсетіліп жатқан құрметке ризашылығын жеткізді.

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521