Мынау жарық дүниеде әдемі де қадірлі сөздер санаулы-ақ. Сол санаулының биігі-Ана. Иә, бары үш-ақ әріп. Бірақ сол бір үш әріпке үңілсеңіз қаншама мән мағына, жылу жатырғанын аңғарасыз. Бұл жалғанда Ана сөзін сүймейтін, қадірлемейтін,сірә, жан жоқ.
Мектеп кезінде "Ана" туралы эссе, шығармада: "Ана-шуақты күн, оның аялы алақаны, ыстық құшағы бәріне ем"-деп жазғаным есімде. Шыныменде ананың ыстық құшағындай, қуатты сөздеріндей бұл ғаламда теңдесе алар шипа мен дауа бар ма?!Тіпті Ұлы Жаратушы иеміздің сүйікті құлы, Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с): Дүниелегі ең асыл не деген сұраққа: Үш қайтара" Ана"деп жауап берген емес пе?!
Кейде ойға берілгенде "Ана" деген аяулыны адамзат баласына мейірім мен жақсылық дарытсын деп жаратқан екен ғой деп түйемін. Қазақ данасы"Ана-Бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербетеді"деп осыдан айтса керек. Перзентінің қуаты, жанашыры ол-Ана. Дүние есігін ашқаннан ақ сүтімен әлдейлеп, ой-жанымен тәрбиелейтін осы бір ұлы жан! Ана туралы теңеуде, айтылар ән мен жыр,туынды да таусылған емес. Таусылмайды да! Себебі, ол-Жұмақтың кілті. Алты қат аспан астында анадай адал, Жеті қат жердің бетінде анадай адам табылары мүмкін емес. Перзентінің жанарының жасын сүртіп, жаулығымен жанын орап, отбасының ұйытқысы болатын жалғыз тұлға. Студенттік өмірдің тіршілігіне енгенде Ананың, анатайымның жылы құшағын сағындым және осы бір дамыған кезеңде туылғаныма және қуандым. Себебі, анашым әркез мені қолдап, алыста болса да жылуын төрт бұрышты қуатты қалтадан өткізеді. Ананың асыл қасиеті: Баламның табанына кірген тікен, менің маңдайым ақадалсын"дегені еді. Кейде Ана деген атау болмаса осы бір меңіреу дүние қатыгездікке оранар ма еді деймін. Себебі,барлық махаббат осы бір аяулы жаннан беріледі емес пе? Көбіне Ананы тек жылулық дейміз, бірақ ана-өмірге деген құштарлықтың себепшісі, сені адам қылатын екінші жаратушың. Мен осы бір түйінге келу үшін көп уақытымды жібердім, ойландым. Сонда адам баласына өмір мен қатар өмір сүруге деген талпынысты-Ана деген ұлылық береді екен.
Ақ жаулығы-пейілінің нышаны,
Анажанның ыстық, асқақ құшағы.
Әлем оған басын иіп тұрғандай,
Ол да әлемге бар жылуын шашады.