Жылжып жеткен жылан жылының алғашқы күндерінің бірінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлт апталығы “Ана тілі” газетінде “Мақсатым - экономиканы және егемендікті нығайту” атты көлемді мақаласын әлеуметтік желіден оқып біраз мәселелердің байыбына барғандай болдым.
Президентіміз алдымен онда тілшінің Қазақстан өткен жыл ішінде несімен есте қалды деген сауалына нақты жауабын береді. Пайдалануға берілген тұрғын үйлер, автокөлік жолдары, тау-кен, мұнай саласындағы толайым істер, астық жинаудағы рекордттық көрсеткіш ел назарына берілді. Сондай-ақ сұхбатта өткен жылғы су тасқынының салдарын жоюға, төтенше жағдайлардың алдын алуға, экологиялық жағдайды жақсарту, уақыт белдеуін өзгертуге қатысты пікірі оқырманға ой салары сөзсіз. Жалпы сұхбатта көп мәселелер айтылды, Талғар трагедиясы, теңгенің құлдырауы, Әзірбайжан ұшағының елімізде құлауы, басқа да өзекті тақырыптар қамтылды.
Балғаным Хасенова,
аудандық аналар кеңесінің төрайымы