Ана – мейірім, ана – даналық!

(0 Votes)

Аудандық орталық кітапхана мен Құрманғазы ауылдық округі жанындағы аналар кеңесінің ұйымдастыруымен бақыттың бастауы, берекенің ұйытқысы нәзік жандыларды ардақтауға арналған «Ана – мейірім, ана – даналық» атты кездесу кеші өтті.

Кеш қонақтары құрметпен төрге жайғасқаннан кейінөнерпаз Толыбай Қажыгереев «Анашым-ай» әнін орындады.

img_0728

i

«Ана – мәңгілік шуақ төккен ғасырларға» тақырыбындағы кітап көрмесіне Гүлайна Жалғасбайқызы шолу жасады. Көп жылдар бойы жолдасымен сауда саласы бойынша халыққа қызмет атқарған Қарашаш Қуанова, мүмкіндігі шектеулі ұрпағын толыққанды азамат етуге күш салған қайсар жан Бақыт Фазылқызы өмір жолдарын тілге тиек етіп, ризашылық сезімдерімен бөлісті. Отбасында үш ұл, үш қыз тәрбиелеп отырған «Күміс алқа иегері» Нұргүл Мерсадихқызы, бүлдіршіндерді тәрбиелеу жолында білімі мен ілімін аямаған «Балбөбек» балабақшасының тәрбиешісі Жібек Исламқызы, өз ісін шексіз сүйетін шаш түзеу салонының шебері Қама Оралбекқызы да сөз кезегін жалғап, еңбек жылдарымен таныстырып, ықылас-лебіздерін жеткізді.

img_0757

img_0767

Мәдениет үйі қызметкерлері Заря Қуанышқызы «Армансыз күнім болмайды» әнін әуелетіп, Алмазия Жаһина күйден шашу шашты. Құрманғазы ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Мерей Есенгелдіұлы аналар мерекесімен қызу құттықтап, қонақтарға алғыс хат пен естелік сыйлық табыс етті. Аудандық аналар кеңесінің төрайымы Балғаным Хасенқызы отбасы шаттығын еселеп, қоғамдық іске де білек сыбана кірісетін әйел затының қадірі қашан да зор екенін, осындай тағылымды жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатынын айтты. Құрманғазы ауылдық аналар кеңесінің төрайымы Гауһария Кінамақызы кештің көркін келтірген бекзат болмыстың иелеріне қажыр-қайрат, мол бақыт тіледі. Шара соңында қатысушылар Ш.Қалдаяқовтың «Ана туралы жыр» әнін жанды дауыста қосылып шырқады.

img_0796

Еркеназ Қалижан

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521