«Ана – адамзаттың шамшырағы»

(0 Votes)

Осындай тақырыппен С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйінде  аудан әкімі жанындағы әйелдер істері және демографиялық саясат жөніндегі комиссия, аналар кеңесі және кеңес жанындағы клубтармен бірлескен түрде мерекелік шара өтті.

Алдымен сахна төріне көтерілген Абай жалпы орта мектебінің ұстаздары мен «Алқа» жас аналар клубының ибалы келіндері сәлем салып, шараның шымылдығы ашты.

Бір топ өнерпаз аналар аналар кеңесінің гимнін орындады. Шараға қатысқан аудан әкімінің орынбасары, аудан әкімі жанындағы әйелдер істері және демографиялық саясат жөніндегі комиссия төрағасы Амангелді Мұратов құттықтау сөз сөйлеп, еңбек ардагерлеріне алғыс хат табыстады.

Одан әрі Д.Ғұмаров атындағы халық театрының әртістері «Құрсақ шашу» дәстүрінен көрініс ұсынса, Жаңаталап ауылдық округі, Хиуаз ауылының қыз-келіншектері қазақ қыздарының, ана-әжелердің ұлттық бас киімдерінен көрсетілім жасап, сұлулық шеруін ұйымдастырды.

«Күміс білезік тағу» рәсімін Құрманғазы ауылдық аналар кеңесінің мүшесі Гүлмайдан Хусусанқызы мен келіні Ақмоншақ Төреханқызы сахналады.

Неміс ұлтының өкілі, қазақтың келіні Виктория Халменова балаларымен бірге неміс тілінде ән шырқаса, еңбек ардагері Валентина Бабушкина да өз өнерін ортаға салды. Нұржау әжелер мен балалардың заманауи ертегі клубы «Бақытқа бөлеген бесік» тақырыбында көрініс қойды.

Аудан өнерпазы Раушан Сәрсенованың «Әйелдің бәрі әдемі» әнімен мерекелік шара қорытындыланды.

Айнагүл Шакупова 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT