Қамысты өртеп қара түтін қылады

(0 Votes)

Аудандық мәслихаттың кезектен тыс LXII сессиясын аудандық мәслихаттың хатшысы Болат Жүгінісов ашып, күн тәртібімен таныстырды.

Алғашқы кезекте бір топ адамға Құрманғазы ауданының Құрметті азаматы атағын беру мәселесі қаралап, бұл жөнінде аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Зияда Жоламанова ақпарат берді. Мәселе депутаттар тарапынан қолдау тапты. Қалған екі мәселе ұйымдастырушылық бағытта болды.

sessiya

Аудандық мәслихаттың хатшысы Болат Теміржанұлы: – Барлық депутаттар өздерінің сайлауалды бағдарламалары бойынша атқарған жұмыстары туралы анықтаманы бір жұма ішінде беруі керек? Қандай мәселе, недей себеппен аяқсыз қалды? Сайлауалды бағдарламасынан қай мәселені жүзеге асырды? Осының бәрі көрсетілуі тиіс. Олардың кейбірі қазір орындалу үстінде. Соны аудан әкімі орынбасарларынан сұрап, анықтап алыңыздар. Екіншіден айтайын дегенім мәслихат депутаты Бержан Ахонұлына бір топ тұрғындар қамысты біреулердің өртеп жатқаны, ол қыста малға керек екендігі жайлы арыздана келген. Соған орай депутаттық сауал жолдады, - деп, қамысты өртеп жатқандарға шара алу заңдарда қаралмағанын, бұл өз кезегінде экологтарға тұсау болып отырғанын жеткізді.

Аудан әкімінің орынбасары Жандос Бектеміров: – Жыл сайын осы мәселе алдымыздан шығады. Іргелес Ресей «Қамысты өртемейміз, сіздер қара түтін етесіздер, ол біз жаққа да жетеді», деп ренжиді. Кезінде балыққа қарсы браконьерлік күшейгенде жауаптылықты бір мекемеге арту мүмкін болмады. Жауапты мекемелер басын алып қашып, бір-біріне сілтеді. Сонда облысымызға басшылыққа келген Нұрлан Ноғаев бір шешімін тапты. Қамысты арасындағы қабан шықсын деп аң аулауға барғандар да өртеуі мүмкін. Қалай болған күнде де осыған шара қолданудың жолын табуымыз керек, - деді.

Аудандық мәслихаттың депутаттары қамысты көктемде ғана өртеуге болатынын, ол біреудің жалға алған жері екенін, күзде малға азық ретінде қолданылатынын айтып, тыйым салу керек деген пікірге қолдау білдірді.

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521