«Аманат» партиясы мұқтаж жанға көмектесті

(0 Votes)

«AMANAT» партиясының қоғамдық қабылдауына келген Мақаш ауылдық округінің азаматы, мүмкінідігі шектеулі жан, жалғызбасты К.Е өзінің мұң-мұқтажын айтып, көмек сұрады.

Қабылдауды өткізген аудандық филиалдың Атқарушы хатшысы Ө.Есенғазиев өтініш иесін толық тыңдап, мән-жайға қанық-қаннан кейін К.Е-ге Мақаш ауылы мен аудан орталығына жүріп-тұруың қиын екенін ескеріп, сіздің қажетті шаруаңызды өзіміз бітіріп берейік деп, филиалдың қызметкерлері арқылы көмегін ұсынды.

Бұл азаматқа осыдан екі-үш жыл бұрын ауылдың жастары бірігіп, асарлап ескі үйін бұзып жаңадан газы мен суын қосып кең сарайдай жеке үйін тұрғызып берген еді. Алайда, қатал тағдыр, ол қуанышын көп ұзатпай, ұзақ науқастан кейін өмірден өмірлік жарынан айырған еді. Кейін өзі аурулы болып, сол ауылдастарының тұрғызып берген үйін, жер телімін заңдастырып тіркей алмай қалған екен.

Енді, филиал қызметкерінің атына нотариустан К.Е атынан сенім хат алып, Мақаш ауылдық округугіндегі Алға ауылында орналасқан жер телімі мен үйінің құқық белгілейтін  құжаттарын рәсімдеуін қолға алып, аудандық халыққа қызмет көрсету бөліміне тапсырылды. Шартты мерзімінде дайын  құжаттарын алып, К.Е-ге тапсыратын боламыз.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521