«Amanat» партиясы Құрманғазы аудандық филиалының атқарушы хатшысы тағайындалды

(0 Votes)

«Amanat” партиясы Құрманғазы аудандық филиалында партия активі жиналысы өтті.

Оған Саяси кеңестің мүшелері, партия ұйымы төрағалары, партия фракциясының депутаттары, аудан әкімі аппаратының өкілдері, дербес бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері, БАҚ өкілдері қатысты.

Саяси кеңес мүшесі Сабыржан Сұлтанов мәжілісті жүргізді. «Amanat” партиясы Атырау облыстық филиалының төрағасы Абдолла Идресов партияның Құрманғазы аудандық филиалының бұған дейінгі атқарушы хатшысы қызметін атқарған Өмірболат Өтегенұлына зор ризашылығын білдіріп, оның жетекшілігімен аудандық филиал нәтижелі жұмыс жасағанын айрықша атап өтіп, Алғыс хатын табыстап, жаңа хатшыны таныстырды.

Бұл лауазымға Құрманғазы ауылының тұрғыны, аудандық мәслихат депутаты Хисметуллин Ерлан Уәлитханұлы тағайындалды. Ол 1980 жылы 21 сәуірде Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Кудряшов ауылында дүниеге келген. 2002 жылы Астрахань мемлекеттік техникалық университетінің «Құқықтану» және 2018 жылы Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің «Мұнай-газ ісі» мамандығын игерген. Алғашқы еңбек жолын 2002 жылы «Рсай» шаруа қожалығында заңгер болып бастаған. 2003 жылы прокуратура органдарына жұмысқа орналасып, 16 жыл абыроймен қызмет атқарған. 2019 жылы «Рсай Транс Трейд» ЖШС-нің құрылтайшысы. 2023 жылы ақпан айынан бастап «MIRAS» ШҚ-ның басшысы. 2021 жылы “Үздік депутат» номинациясының иегері. Аудандық мәслихаттың VII, VIII шақырылымының депутаты.

Ерлан Уәлихтанұлы партия қызметін жаңғырту аясында қолға алынатын жобаларды жүзеге асыруда жауапкершілік танытатынын алға тартып, сенім үдесінен шығуға жұмыстанатынын жеткізді. Өз кезегінде Өмірболат Есенғазиев партияластарына үлкен алғысын айтып, партияның қоғамдағы рөлі жөнінде сөз өрбітті.

Айнагүл Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521