«AMANAT» партиясы Атырау облыстық ХХХІХ есеп беру-сайлау конференциясы өтті

(0 Votes)

Кеше Атырау қаласында «AMANAT» партиясының хатшысы, партия Саяси кеңесінің мүшесі Эльдар Жұмағазиев, Атырау облыстық партия филиалы Саяси кеңесінің мүшелері, партия ардагерлері, мәслихат депутаттары, жергілікті атқарушы органдар басшылары, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары мен «Жастар рухы» жастар қанаты мүшелерінің қатысуымен «AMANAT» партиясы Атырау облыстық ХХХІХ есеп беру-сайлау конференциясы өтті.

- Біз, еліміз дамудың жаңа даңғыл жолына түскен кезеңде бас қосып отырмыз. Өздеріңізге мәлім, 2022-23 жылдары елде өткен үлкен маңызды науқандарда «AMANAT» партиясынан ұсынылған кандидаттар айқын басымдықпен жеңіске жетті. Бұл елде партияға деген сенімнің барын көрсетіп отыр. Партия құрамы оңтайландырылып, бастауыш партия ұйымдарының жұмысы жүйелендірілді. 2023-2027 жылдарға арналған Сайлауалды бағдарламаның биылға жоспарланған 81 іс-шараның 6-ы орындалды, ал 75-і орындалу үстінде. Қазіргі ақпаратқа сай, Жол картасының орындалмау қаупі бар тармақ әзірше жоқ, - деді «AMANAT» партиясы Атырау облыстық филиалының төрағасы Абдолла Идресов.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе «Атырау облыстық партия филиалы бақылау-тексеру комиссиясының 2021 - 2022 жылдары атқарған жұмыстарының есебі» бойынша «AMANAT» партиясы Атырау облыстық филиалының бақылау – тексеру комиссиясы мүшесі, Атырау облысы тексеру комиссиясының мүшесі Асылан Құмаров баяндама жасады. Жарыссөзде сөз алған Мақат аудандық Орталық ауруханасының директоры, «AMANAT» партиясы Мақат аудандық филиалы Саяси кеңесі Бюросының мүшесі Рыскүл Тайшекенова, «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС-нің аға менеджері, «KPI» бастауыш партия ұйымы төрағасының орынбасары Ерназар Құлназаров және М.Әуезов атындағы орта мектебінің директоры, Жылыой аудандық мәслихатының депутаты, фракция мүшесі Сымбат Қабдрахмановалар конференцияда өздерінің ұсыныстары мен ой-пікірлерін ортаға салды.

Қорытынды сөз алған «AMANAT» партиясының Хатшысы Эльдар Жұмағазиев өңірдегі өзекті мәселелерге жеке-жеке тоқталып, аймақтың экологиялық ахуалына айрықша назар аударды. Бұл мәселе бойынша өңірге вице-министрді шақырып, түйткілді мәселені шешуді бірге талқылауды ұсынды.

Өңірдегі экологиялық мәселені жауапсыз қалдыруға болмайды. Қандай жұмыстар жасалып жатыр? Компаниялардың төлеген айыппұлы қайда? Неге халық қайта-қайта көк түтінге оранып отыр? Тиісті министрмен кездесіп, халық нақты жауабын алуы керек?

-Сонымен қатар, облыста ауыл шаруашылығын дамыту қажет. Халық Атыраудан ақша табады. Бірақ, сол ақшаны Өзбекстан, Ресей, Башқұртстанның, түптеп келгенде өзге елдің қазынасына жіберіп жатырмыз. Сондықтан да ауыл шаруашылығын, тамақ өнеркәсібін дамыту маңызды міндеттің бірі. Бір ғана мысыл, дағыстандықтар жазда Махамбет бойынан фурамен қызанақты тиеп әкетіп, қыста өзімізге бірнеше есе қымбатқа сатады. Неге? Себебі олардың өнімді сақтайтын қоймалары бар. Атыраулықтардың өнімі де, табысы да, екінші айналымға түспей, сыртқа кетеді, - деді Эльдар Тынышбайұлы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT