Алтынжардағы Жайлау тойға қатысты

(0 Votes)

Жайлау той - қазақтың жазғы жайлауға көшкенде тойланатын, ғасырлар бойы аталып келе жатқан ұлттық мерекесі. Мұны татарлар "Сабан той", депте атайды.

Қыстан аман шығып, жазғы жайлауына жеткен бабаларымыз арқасын кеңге салып, бұл күнi ән айтудан, ептiлiк пен күштiлiкке баулитын ұлттық ойындардан, қазақша тағамдарды дайындаудан жарыс ұйымдастырып, атап өтетін болған. Дәстүрге адал ресейлік қандастарымыз, Астрахан облысы, Володар ауданы, Алтынжар ауылында орналасқан "Құрманғазы атындағы өңiрлiк мәдени орталық" мекемесі Жайлау тойын биыл бесінші жыл қатарынан ұйымдастырды.

Шарада Астрахан облысы шығармашылық ұжымдарының мерекелiк концерттік бағдарламасы, этноспорттық алаңда болған қазақша "Батыр күрес", арқан тарту, сырыққа өрмелеу және басқаларынан жарыстар көпшілікке көтерiңкi көңiл-күй сыйлады.

Сонымен қатар, "Көшпелілер ауылында" бауырсақ дайындаудан "Баурсақ шоу", балықты қазанға салып, отқа пiciруден "Астраханша уха дайындау", киiз үй құру сайыстары өтiп, қонақтар мен алтынжарлықтар атпен түйемен серуендедi. Өткен ғасырдың атмосферасына бойлатқан Кiшi жүз қазақтарының қос өзеннің, Едiл мен Жайықтың арасына көшуiн сахналаған театрландырылға көрiнic тамашаланды.

Алтынжарда өткен Жайлау тойға ауданымыздың жас кәсіпкерi, қолөнер шеберi Талғат Жұмалиевте қатысқан еді.

- Былтыр да шақырды. Биыл екінші рет қатысып отырмыз. Отбасымызбен бiрге қазақы нақыштағы киімдермен келiп, өзiмiздiң қолымыздан шыққан қолөнер бұйымдарын астрахандықтардың алдына жайып салдық. Мақсатымыз - ұлттық дәстүрiмiз бен мәдениетімізді насихаттау. Жас ұрпақтың бойында бабалар тарихына, халқымыздың жүрiп өткен жолына, ұлттық қолөнерiне деген сүйіспеншіліктi сiңiру. Қазақ батырлары құралайды көзге атқан мергендiгiмен танымал. Сол себепті мергендiкке баулитын спорт түрi - садақ атуды да насихаттап жүрміз. Жалпы, ресейлік қандастарымыз жақсы қарсылады. Қазақы мән-мағынасы зор, тәлім-тағылымы мол, дәстүр мен салтты дәрiптеген тамаша көріністердің куәсі болдық. Екі елдің арасындағы достық қарым-қатынас осындай шаралардан байқалады ғой. Iргемiз жарасқан тату көршілер бола берейiк, - дейді Талғат Жұмалиев.

Айнагүл Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT