Тарихи-танымдық экспедиция: Құрманғазылықтар Алтынжарға барып қайтты

(0 Votes)

«Құрманғазы «Туған жер» қоғамдық қоры» үкіметтік емес ұйымы  Ресей Федерациясы Астрахань облысы, Володар ауданы, Алтынжар ауылына бір топ  аудан белсенділері, еріктілерімен кезекті сапарларын ұйымдастырды.

Бұл жолғы тарихи-танымдықэкспедиция «Ұлы даланың дүбірі – домбыраныңкүмбірі»  деген атаумен аталды.  Жобаның мақсаты: "BirgemizAsyl-mura" жобасы аясында мәдени-тарихимұраны сақтау және дамыту, тарих, мәдениескерткіштері мен мемориалдық кешендерді қалпынакелтіру және сақтау жөніндегі жобаларғаволонтерлерді тарту.

2a8bb562-6ae5-4bc5-87ed-fd190f944614

Құрманғазы Сағырбайұлы атындағы аймақтықмәдени орталығының маманы  Алтын Таспайқызы келген қонақтарды жылы қарсы алды.  Олар біздіңсаяхатымыз Алтынжардың әдемі бір қыратында бой көтерген ақшаңқан кесенеде мәңгілік тыныстап жатқанұлы сазгердің рухына дұға бағыштаудан басталатынын айтты. Алтын Таспайқызы оның тұрғызылу тарихыжайлы сыр шертіп, түрлі ұлт өкілдерінің келусапарлары жайында тартымды әңгіме өрбітті.   Бұданкейін күллі қазақ үшін тәрбиелік маңызы мен тарихиорны ерекше біртуар күйшінің атындағы мәдениорталыққа атбасын бұрдық. Оған келген кездеҚұрманғазының рухты күйлері күмбірлеп жатты.  Ұлттық киімдерін киіп сәнденген орталықтың әртістеріқош келдіңін айтып, қонақжайлықтарын білдіріп, нан мен тұздан,  бауырсақтан дәм таттырды.  

61afe686-f00e-49a3-8c39-280ac0189ed1

2005 жылдары қазақ музыкантының жерленгенжерінде оның есімімен аталатын үлкен халықаралықмәдени орталық пайда болған. Кешен үш бөліктентұрады, олар дала киіз үйлеріне ұқсайды. Бірғимаратта 19 ғасырдағы қазақ мәдениеті мен ұлттықтұрмыс мұражайы, екінші ғимаратта Құрманғазыға арналған көрме орналасқан.

b53b8eef-26ee-4fa2-80f3-39f9f1cb944f

Мұражай экспонаттарынжинауға Алтынжар, Қамардан, Зеленга, Сизый Бугор ауылдарының тұрғындары көмек көрсетті, олармұражайға отбасылық жәдігерлерді тегін сыйғатартқан. Құрманғазы атындағы аймақтық мәдениорталығы директорының орынбасары Светлана Альбикқызы мұражай жәдігерлерімен таныстырып, күйатасы Құрманғазының өмірдеректерінің бізге беймәлімтұстарын да ашып көрсетті. Әсіресе, бабамыздыңтуған жері Жиделі ауылының келбеті сәтті жасақталғанекен. Одан әрі Светлана Альбикқызы қонақтарды қазақжәне орыс ұлт өкілдерінің ұлттық тағамдарыәзірленген дастархан басына шақырып, қош келдіңінайтты.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521