«Алтын алқа» мен «Күміс алқа» табысталды

(0 Votes)
Құрманғазы ауданында жыл соңында тағы да он бес ана ерекше құрмет белгісі "Күміс алқа" және "Алтын алқа" алқаларға ие болды, - деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі. Наградаларды аудан әкімі Абат Жангалиев табыстады.
Марапаттау рәсімі барысында әкім аналарды лайықты наградалармен құттықтап: "Балалардың білімі, отбасының амандығы мен тұтастығы аналарымыздың зор еңбегі мен мейірімділігінің арқасында келеді. Отбасы ғана емес, еліміздің жарқын болашағы да аналарымыздың қолында табысты дамудың кепілі болып табылады. Сіздің еңбегіңіз, маңызды және құрметті еңбек"-деді.
"Алтын алқа" алқасын жеті бала тәрбиелеп отырған 4 бірдей ана алды. Ал отбасыларында алты баладан тәрбиелеп отырған 11 бірдей анаға "Күміс алқа" алқасы табысталды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT