Азғырда алты ұңғыманың құрылысы жалғасуда

(0 Votes)

Шалғайдағы Азғыр, Асан, Сүйіндік ауылдық округтеріндегі кезек күттірмей шешілуге тиіс мәселелердің бірі – ауыз су проблемасы.

Қазір бұл өзекті мәселені шешу үшін тиісті жұмыстар атқарылып жатыр. Тұрғындарға ауыз суды су құбырмен беру кезең-кезеңімен шешілуде. Қоянды топтық су құбырымен Азғыр аймағында елді мекендерді ауыз сумен түгел қамту мақсатында қосымша 6 ұңғыманы қазуға жобалық-сметалық құжаттама жасақталып, жобаны іске асыратын мердігер мекеме анықталған болатын. Тапсырыс беруші Қазақстан Республикасы экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Су ресурстары комитеті. Құрылыс жұмыстарына жауапты мердігер мекеме «Декор» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі болып табылды. Қосымша 6 ұңғыманы салу құрылыс жұмыстары 2022 жылдың желтоқсан айында бастау алды. Аудан әкімі Марат Бисенғалиұлы тиісті округ әкімдерімен ұңғыма құрылысы басында болып, жұмыстарымен танысты.

323215525_1334713423765429_8327960720063389734_n

Нысан басында он төрт жұмысшы жұмыстар атқаруда, қазіргі уақытта үш ұңғыма қазылып аяқталды. Жоба бойынша 1-ші ұңғыма -46 м, 2-ші - 44 м, 3-ші -31м, 4-ші - 26 м, 5-ші - 37 м, 6-шы -36 метр тереңдікті құрайды. Құрылыс - монтаждау жұмыстары жалғасуда.

Айта кетейік, осыған дейін Қоянды топтық су құбырында 6 ұңғымадан 1 ұңғыма толық, екіншісі жартылай жұмыс жасап тұрған болатын.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT